"Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.К. Қарабаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңеске қатысты

2023 жылғы 28 қаңтарда "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Қабашев облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.К. Қарабаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңеске қатысты.

Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингі, оның ішінде индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде, арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру және т.б. мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 181